Жылдық есеп 2018
“БЖЗҚ” АҚ Директорлар кеңесі Төрайымының алғысөзі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздің назарыңызға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 2018 жылғы қызметі туралы есепті ұсынып отырмыз.
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Жүйенің толық циклінің “пісіп жетілуі” үшін, салымшылардың ең болмаса бір буыны өзінің бүкіл еңбек қызметі бойына тұрақты зейнетақы жарналарын аударып отыруы үшін кем дегенде 40 жылдай уақыт керек екен. Жарты жол еңсерілді, соның өзінде жүйе қалыптасқанын көріп отырмыз. Зейнетақы қорланымдары жыл сайын орташа есеппен 20%-ға көбейеді, олардың өсуі ЖІӨ-нің өсу қарқынынан жоғары. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 9,37 трлн теңгеден асқан.
Жылдық есеп 2018
АҚ "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
Төрайымының алғысөзі
2018 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма жылдығын атап өтті. Жүйенің толық циклінің “пісіп жетілуі” үшін, салымшылардың ең болмаса бір буыны өзінің бүкіл еңбек қызметі бойына тұрақты зейнетақы жарналарын аударып отыруы үшін кем дегенде 40 жылдай уақыт керек екен.